Директорлар кеңесі Төрағасының арнау сөзі
Құрметті оқырмандар, әріптестер және қызметтестер! Сіздерге «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің атынан құрметімізді білдіруге қуаныштымын!
Техникалық жарақтандыру мәселесі агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік саясатты іске асырудың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ аграрлық секторда лизинг қызметтерін ұсынатын негізгі оператор болып табылады және өз қызметін іске асыруда оң нәтижелер көрсетуді одан әрі жалғастырып келеді.
Компанияның Директорлар кеңесі Компания алдына теңгерімді міндеттер белгілеуді, Жалғыз акционердің үмітін орындауды, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауды, сонымен қатар олардың орындалуын бақылауды өз жұмысының негізгі мақсаты етіп қояды.
Инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында Компания қоржын сапасын жақсарту, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, компанияның шығыстарын төмендету және Компанияның активтерін тиімді басқару бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Бұл іс-шаралар Компанияның кірістілігін 2017 жылмен салыстырғанда екі есе арттыруға мүмкіндік берді.
2018 жылы көрсетілетін лизинг қызметтерінің сапасына клиенттердің қанағаттанушылық көрсеткішін бизнес-процестерді оңтайландыру, өтінімдерді қарау процедураларын және мерзімдерін ықшамдау, қажетті құжаттар санын қысқарту, өнім желісін кеңейту және дамыту, клиентке бағытталған тәсілдемелер енгізу есебінен көтеру мүмкін болды.
Компанияның табысты даму факторларының бірі корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс атқару болып табылады.
2018 жылы корпоративтік басқару деңгейін жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді, олар корпоративтік басқару рейтингін 89,7%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, тәуелсіз бағалаудың қорытындылары бойынша, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның аса ірі компанияларының ашықтық рейтингінің алғашқы топ-15 қатарына енді, бұл Компанияның ақпаратты ашу ашықтығы мен сапасы стандарттарын дамытуға салған күшінің нәтижесі болды.
Өз қызметінің басымдықты бағыттарына негізделе отырып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2019 жылы несие қоржынының сапасын арттыру, меншікті капиталды және активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.