Даму стратегиясы

2026 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның лизинг нарығында өзін инвестициялық тартымдылығы жоғары көшбасшы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңартуда үздік әріптес ретінде көреді.

Компанияның 2017-2026 жылдарға арналған Даму стартегиясына сәйкес, Компанияның миссиясы сапалы және бәсекеге қабілетті лизинг қызмет-терін көрсету арқылы Қазақстан Респуликасының ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарын жаңартуға жәрдем көрсету болып табылады.

1.
Стратегиялық бағыт
Инвестициялық тартымдылықты арттыру
Мақсаты — тәуекелдің қолайлы деңгейін сақтай отырып, қызметтің рентабельділігін арттыру жолымен Компанияның ұзақмерзімдік акционерлік құнын ұлғайту
1-міндет
Несие қоржынының сапасын арттыру.
2-міндет
Меншікті капиталды және активтерді пайдалану тиімділігін нығайту.
3-міндет
Банктерден және басқа институционалдық инвесторлардан қарыз қаражаттарын тиімді тарту.
2.
Стратегиялық бағыт
Лизинг қызметтерін жетілдіру және дамыту
Мақсаты — қазіргі клиенттердің бейілділігін арттыру және 2026 жылға қарай клиенттердің жалпы санын 1,5 есе ұлғайта отырып, жаңа клиенттерді тарту.
1-міндет
Клиенттер үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
2-міндет
Көрсетілетін лизинг қызметтерінің сапасын арттыру.
3-міндет
Компания өнімдерінің желісін кеңейту және дамыту.
3.
Стратегиялық бағыт
Корпоративтік даму
Мақсаты — Компанияның корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және 2026 жылға қарай 91,5% рейтинг алу.
1-міндет
Корпоративтік басқару қағидаттарын ұстану.
2-міндет
Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру және тәуелсіз директорлар институтын жетілдіру.
3-міндет
Басшы жұмыскерлердің сабақтастығын жоспарлау институтын және Компания Басқармасын және оның жұмыскерлерін бағалаудың өнімді жүйесін дамыту.
4-міндет
Компания қызметінің ашықтығын арттыру.