Компания туралы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1777 қаулысына сәйкес тіркелген.
Сапалы және бәсекеге қабілетті лизинг қызметтерін көрсету арқылы Қазақстан Респуликасының ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарын жаңартуға жәрдемдесу.
Елдің барлық өңірлерінде 14 филиалы бар.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (Акционер, Жалғыз акционер).
- ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингі;
- АӨК субъектілерін несиелендіру.
- лизинг саласындағы тәжірибесі 19 жылдан асады;
- қызмет көрсетудің клиентке бағдарланған стандарттары;
- оң беделге ие танымал бренді;
- кредит рейтингі жоғары;
- нарықтық құралдарды пайдалана отырып, қаражат тартудағы табысты тәжірибесі;
- кадрлар құрамының жоғары құзыреті;
- ауыл шаруашылығы техникасының жетекші жеткізушілері мен өндірушілерінің үлкен базасының бар болуы;
- 2008 жылдан бері Қазақстан қор биржасындағы листинг;
- қызмет ашықтығының жоғары деңгейі;
- корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс.