Басқарма Төрағасының арнау сөзі

Компанияны дамытуға және алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағдарланған үйлесімді және тиімді команданың арқасында әсерлі нәтижелерге қол жеткізілді.

Құрметті оқырмандар! Сіздерге қошемет білдіруге және 2018 жыл қорытындысы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметінің нәтижелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Өткен жыл Компания үшін табысты болды, қызметтің барлық негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты өсуге қол жеткізілді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 62,9 млрд теңгеге 3 426 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берді. Несие қоржынының қанағаттанарлықтай сапасын сақтай отырып, инвестиция көлемнің елеулі өсуі 2018 жыл қорытындылары бойынша 6,7 млрд теңге сомасындағы пайданың мөлшері бойынша максимумға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Көрсетілетін қызметтің сапасын одан әрі арттыру мақсатында қызмет көрсетудің клиентке бағдарланған стандарттарын енгізу жұмысы жалғастырылды, құжаттарды жинау және ұсыну бойынша ішкі процедуралар оңтайландырылды, қызмет көрсету желісі өзектендірілді және кеңейтілді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ үшін 2018 жылғы маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның Компанияны жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесінен шығару туралы шешімі болды. Бұл шешім ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда «ҚазАгроҚаржы» АҚ маңызды орын алатындығын растайды.

Келе жатқан жыл Компанияның 20 жылдық кезең ішіндегі қызметін қорытындылаумен атап өтіледі. Акционер — «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на, серіктестер мен әріптестерге конструктивті ынтымақтастық пен қолдау үшін алғысымды білдіргім келеді. Осы жылдар ішінде Компанияның менеджменті мен ұжымы үлкен жұмыс атқарды, осының арқасында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның экономикасына оң ықпалын тигізіп келеді.

2019 жылы Компания отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сапалы лизингтік қызметтермен қамтамасыз етуге бар күшін жұмылдыруды жалғастыратын болады. Біз Даму стратегиясында көзделген алға қойылған барлық міндеттер мен жоспарларды іске асыруға ниеттіміз. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингісінің 2019 жылға арналған жоспарлық көлемі 62,0 млрд теңге. Біз ROA, ROE және NPL сияқты қаржылық көрсеткіштерді қолайлы деңгейде сақтап қалу мақсатында оларды қадағалап отыруды жалғастыратын боламыз. Компания көрсетілетін қызметтердің қазіргі пайдаланушыларының саны, сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейін және клиенттердің қанағаттанушылық деңгейін одан әрі қарай арттыруды жоспарлап отыр. Корпоративтік басқаруды дамыту жұмысы жалғастырылатын болады.

Избастин Қаныш Теміртайұлы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы