оқиғалар күнтізбесі

1 наурыз
Компания «Техникалық қайта жарақтандыру — АӨК дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, оған ҚР АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» (Холдинг) өкілдері және 120-дан аса қазақстандық фермер, техника өндірушілер мен жеткізушілер қатысты.
28 наурыз
Компания «Сенімді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» жаңа арнайы бағдарламаларын іске қосты.
17 маусым
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің (Директорлар кеңесі) жаңа құрамы бекітілді.
15–17 наурыз
Компания «AgriTek/FarmTek Astana 2018» халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесіне 13-ші рет қатысты.
24 сәуір
Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және клиенттердің қанағаттанушылық деңгейін бағалау бойынша тәуелсіз зерттеулердің қорытындылары шығарылды. Клиенттердің қанағаттанушылық деңгейі 93,0% құрады.
10 шілде
«Сарапшы РА Қазақстан» рейтингілік агенттігі корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасын жүргізді және РКУ-7 корпоративтік басқару рейтингісін берді.
19 қыркүйек
Өсімдік шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизинг нысаналарын жеделдете ұсыну мақсаттарында «Экспресс-лизинг» жаңа қаржыландыру бағдарламасы басталды.
қазан–қараша айларында
Компания «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да қамтамасыз етусіз жалпы сомасы 7,9 млрд теңге құрайтын купондық облигациялардың (KAFIb7) жаңа шығарылымын орналастырды.
14 желтоқсан
«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2017 жылғы жылдық есебі VIII жылдық есептер байқауында қаржылық сектордағы үздік деп танылды, сонымен қатар конкурстың 100-ден артық қатысушыларының арасында 9-шы орынға ие болды.
25-27 қазан
Компания «ҚазАгро/ҚазФерма-2018» халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысты.
23 қараша
Компания «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында «Эмитент күнін» өткізді, іс-шара шеңберінде Компания басшылығының институционалдық инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесуі өтті.
26 желтоқсан
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның Компанияны жекешелендіруге жататын объектілер тізбесінен шығару туралы шешімі қабылданды.